ШЫМКЕНТ МЕГАПОЛИСІНДЕГІ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ: ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Шымкент қаласындағы №52 мектеп-лицейінің педагог-психологтары «ӨРКЕН» Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлесіп, ата-аналар қауымына арналған «Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
