Мәдениет

ТҮРКІСТАН МЕН САМАРҚАНД: ТАРИХИ БАЙЛАНЫС ПЕН ЗАМАНАУИ ТУРИЗМНІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Түркістан және Самарқанд облыстары өзара туризмді дамыту бағытында жаңа серіктестік орнатты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Самарқандқа жұмыс сапарымен барып, екі өңірдің хокимдері Әдиз Бобоевпен кездесті. Кездесу қорытындысында туризмді бірлесе дамытуға арналған Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында екі облыс туристік орындарды насихаттау, топтық саяхаттарды көбейту, ортақ маркетингтік жобаларды жүзеге асыру, туристік инфрақұрылымды дамыту, қонақүй, мейрамхана және гид-қызмет көрсету саласында кадрларды даярлау бойынша бірлескен жұмысқа келісті. Түркістандық делегация құрамында туристік компаниялар өкілдері болды, олар өзбек әріптестерімен тікелей іскерлік байланыстар орнатып, жаңа туристік маршруттар әзірлеуді, ортақ экскурсиялық бағдарлама жасау жолдарын талқылады.

Нұралхан Көшеров тарихи және мәдени байланыстарға ерекше назар аударып, Ұлы Жібек жолы бойындағы ортақ мұраны сақтау арқылы екі аймақты туристік хабқа айналдырудың маңызын айтты. Сонымен қатар, мәдени-тарихи мұраларды заманауи технологиялар арқылы көрсету – мультимедиялық экспозициялар, виртуалды турлар мен голографиялық материалдарды енгізу арқылы туристік тәжірибені байыту міндеттері де қойылды. Биыл ашылған Түркістан-Самарқанд тікелей әуе рейсі екі киелі орталық арасындағы туристік және мәдени алмасуды айтарлықтай арттырды.

Меморандум аясында екі өңір бірлескен фестивальдер, экскурсиялық турлар, гастрономиялық шаралар, қолөнер көрмелері және халықаралық туризм іс-шараларын өткізуге ниетті. Сонымен қатар, ортақ турөнімдерді жасау, туристерге арналған ақпараттық порталдар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу жолымен туристік ағымды арттыру жоспарланған.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер саны 830 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Оның ішінде Өзбекстаннан келетін туристер саны 26 мыңға жетіп, екі ел арасындағы туристік байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Бұл көрсеткіштер екі облыстың халықаралық туризм нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл келісім Түркістан мен Самарқанд арасындағы туризмді стратегиялық бағытқа айналдырып, өңірлердің туристік брендін халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама жергілікті экономиканы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және туристік инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етеді. Алдағы кезеңде екі облыс өзара тәжірибе алмасу, бірлескен маркетингтік жобаларды іске асыру және туристік өнімді халықаралық деңгейде насихаттау арқылы серіктестікті одан әрі нығайтады.

Қатысты жаңалықтар

«Ел үшін еңбек еткеннің есімі мәңгілік» деген қанатты сөз ұлы ойды жеткізеді. Бұл – ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын білдіреді.

bastynews

АРДАГЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

bastynews