Жаңалықтар Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Мемлекеттік коммуникация: масс-медиамен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздері» тақырыбында семинар өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, аудан-басқармалардың баспасөз хатшылары қатысты.Басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева қазіргі ақпараттық қоғамдағы мемлекеттік органдардың ашықтығы, қоғаммен байланыс орнату және ақпаратты сауатты жеткізу мәдениеті маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық сауаттылығы мен кәсіби әдебін арттырудың өзектілігіне тоқталды.Ал, медиасарапшы, журналист Алмат Садуақас бірнеше тақырыптар бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, мемлекеттік орган басшыларының кәсіби әдеп нормалары, ақпаратқа қол жеткізудің құқықтық негіздері, тосын сауалдарға жауап беру тәртібі және ақпараттық дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл алгоритмдері кеңінен айтылды. Жиынға қатысушылар өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.Басқосудың екінші бөлігінде кәсіби мобилограф, фото және бейнеконтент жасау маманы Гүлшат Қырқынбай баспасөз хатшыларына бейне өнім дайындау бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ, тыңдаушылар сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, сауатты контент әзірлеу, мемлекеттік органдардың қоғаммен тиімді коммуникация орнатуы, ақпараттық кеңістікте сауатты әрі жауапты ұстаным қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТ ЖЕТЕ МЕ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЖАУАП БЕРДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ ПІСЕТІН ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТ: АКИМАТ ВЫДЕЛЯЕТ 285 ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ ДЛЯ ПОДГОТОВКИ ВОСТРЕБОВАННЫХ СПЕЦИАЛИСТОВ

bastynews