Ақпарат

ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ПЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІ

Түркістан облысының өкілдері халықаралық тәжірибе алмасу және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған делегация Таншань қаласында бірнеше ірі кәсіпорындарды аралап, олардың өндірістік, технологиялық және инновациялық жұмыс процестерімен танысты.

Сапардың басты бағыты – экономикалық ынтымақтастықты нығайту, жаңа серіктестік бағыттарын анықтау және облыс өнеркәсібін дамыту тәжірибесін зерделеу. Бірінші кезекте делегация Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD компаниясына барып, мал сүйектерін өңдеу арқылы май және желатин компоненттерін өндіру тәжірибесімен танысты. Мұндай өндіріс Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға және өңдеуші өнеркәсіпке үлгі болмақ, сондай-ақ өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша құнін арттыруға септігін тигізеді.

Сапардың екінші кезеңінде делегация Chenlong компаниясында жасанды интеллект негізінде басқарылатын дрондар өндірісімен, сондай-ақ авто-мектептің жұмысымен танысты. Бұл тәжірибелерді Түркістандағы заманауи өндіріс пен білім беру жүйесін жетілдіруде қолдану жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Tangan компаниясының машина жасау өндірісі, төтенше жағдайларға арналған жабдықтар орталығының жұмысымен танысу өткізілді. Орталық жыл сайын 60 мыңнан астам арнайы жабдық шығарады. Энергетикалық тиімділікке қатысты делегация қалдықтарды өртеу арқылы электр қуатын өндіретін компанияның жұмысын зерделеді. Бұл энергияның баламалы көздерін тиімді пайдалану тәжірибесі өңірде экологиялық тұрақты өндіріс жобаларын енгізуге үлгі болады.

Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстар тереңдетілді, жаңа инвестициялық жобалар мен серіктестік бағыттары анықталды. Бұған дейін Ордабасы ауданы мен Tanshan Huating PoreelainCo 6 LTD арасында меморандум жасалып, жер телімі бөлініп, инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары басталған.

Бұл тәжірибе Түркістан облысының инновациялық өндіріс технологияларын енгізу, өнеркәсіптік қуатты арттыру, халықаралық серіктестіктерді кеңейту және экономикалық әлеуетін нығайтуға серпін береді. Алдағы кезеңде алынған тәжірибелерді жергілікті кәсіпорындарда қолдану, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорттық өнім өндірісін арттыру жоспарланып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ТЕХНИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – ЗАЛОГ БУДУЩЕГО: РАЗВИТИЕ ДУАЛЬНОЙ СИСТЕМЫ ОБУЧЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТЕГІН КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

bastynews

TASHENEV UNIVERSITY УСИЛИВАЕТ МЕЖДУНАРОДНОЕ ПАРТНЁРСТВО: ВИЗИТ ПРЕДСТАВИТЕЛЯ ICCCM BENJAMIN LEONG TACK KHANG

bastynews