Қоғам

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен және Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Арнаулы кәсіптік колледж студенттеріне арналған нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Жиын барысында студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ оның жеке адамға, отбасына және жалпы қоғамға кері әсері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен бірге зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, бос уақытты пайдалы өткізу және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесуге Түркістан облысы, Кентау қаласында қызмет атқаратын нарколог-психиатр дәрігер Смайлова Әсем Әділханқызы қатысып, студенттермен ашық пікір алмасты. Маман нашақорлыққа себеп болатын факторларға тоқталып, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары мен дұрыс өмір салтын ұстанудың артықшылықтары жөнінде пайдалы ақпарат ұсынды.

Іс-шара соңында студенттерге нашақорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық брошюралар таратылып, қажетті кеңестер берілді. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан нақты жауаптар алды.

Нашақорлыққа бірге тосқауыл қояйық!
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың бастауы!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

bastynews

«SOCIAL-EMOTIONAL LEARNING» ЖӘНЕ «POSITIVE DIGITAL CULTURE» ҚАҒИДАТТАРЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ДОСТЫҚТЫ НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

bastynews

СУ САЛАСЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА ТҮСЕТІН ТҮЛЕКТЕРГЕ ГРАНТ САНЫ 70%-ҒА АРТТЫ

Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны 70%-ға артты

bastynews