Қоғам

НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

«Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен №7 колледж студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу және жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастарға есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, оның жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға әсері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болудың және бос уақытты тиімді өткізудің маңыздылығы айтылды.

Кездесуге Түркістан облысы, Кентау қаласында қызмет ететін нарколог-психиатр дәрігер Смайлова Әсем Әділханқызы қатысып, студенттермен еркін пікір алмасты. Маман нашақорлыққа әкелетін себептерге тоқталып, тәуелділіктің алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы жөнінде пайдалы ақпарат берді.

Кездесу соңында студенттерге нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық брошюралар таратылып, маман тарапынан қажетті кеңестер ұсынылды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан нақты жауаптар алды.

Нашақорлыққа жол бермейік!
Салауатты өмір – жарқын болашақтың негізі!

Қатысты жаңалықтар

Қарағандылық шенеунік темекі шегіп басы дауға қалды

Bastynews

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: ЕСКІ МЕН ЖАҢАНЫ САЛЫСТЫРУ

bastynews

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМҒА НАСИХАТТАУ

bastynews