Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі білім беру мен тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес, мектеп ортасында қауіпсіз, қолдаушы және инклюзивті орта қалыптастыру басты басымдықтардың бірі болып табылады. Осы бағытта биыл елімізде іске қосылған жаңа «Досболlike» республикалық жобасы аясында оқушылардың эмоционалды интеллектін (emotional intelligence), әлеуметтік дағдыларын (soft skills) дамытуға, сондай-ақ мектепішілік бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар қолға алынуда.
Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында «Досыңмен суретке түс» атты интерактивті акция ұйымдастырылды. Іс-шараға мектептің барлық деңгейіндегі оқушылар белсенді қатысып, достарымен бірге естелік суреттерге түсіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Бұл акция – peer-to-peer learning, яғни оқушыдан оқушыға бағытталған өзара әрекеттестік мәдениетін қалыптастырудың бір көрінісі. Сонымен қатар, қатысушылар арасында trust-based communication (сенімге негізделген қарым-қатынас), emotional safety (эмоционалды қауіпсіздік) және inclusivity (қамтушылық) қағидаттарын дамытуға ықпал етті.
Акцияның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында достық, өзара сыйластық пен қолдау құндылықтарын дәріптеу арқылы оқушы ортасында позитивті психоэмоционалды ахуал құру. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде (digital platforms) оқушылардың саналы және мәдениетті қатысым үлгісін қалыптастыру да іс-шараның маңызды аспектілерінің бірі болды.
Бұл бастама жастар арасында digital citizenship – цифрлық азаматтық қағидаларын меңгеруге, соның ішінде онлайн ортадағы жауапкершілік, этика және эмоционалды тұрақтылық секілді ұғымдарды тәжірибе жүзінде бекітуге септігін тигізеді.
Іс-шара барысында оқушылар визуалды коммуникация құралдары арқылы (visual storytelling) достық ұғымына өз көзқарастарын білдіріп, бірлік пен сыйластықты насихаттайтын орта қалыптастырды. Сонымен қатар, бұл акция – білім беру ұйымы деңгейінде well-being education (благополучие негізіндегі білім) мен inclusive culture (қамтушы мәдениет) қағидаларын ендірудің тиімді форматы ретінде қарастырылды.
«Досболlike» жобасы – жасөспірімдер арасындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңаша форматта насихаттау мен тәрбиенің жүйелі моделін қалыптастыруға бағытталған білім беру экожүйесінің бір бөлігі. Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы алдағы уақытта да аталған жоба аясында оқушылардың soft skills бағытындағы әлеуетін дамытуға арналған түрлі форматтағы іс-шаралар өткізуді жалғастырады.
