Жаңалықтар

⚡️Мемлекет басшысы:

«Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс.
 
Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
 
«Әрекет түбі – берекет» деген халқымыз. Сондықтан мейлінше ширақ болып, отаншыл азамат екенімізді жасампаз істермен көрсету аса маңызды.
 
Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады.
 
Мен Қазақстан әрбір азаматтың дамуына жол ашатын, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін, бірлігі бекем, Әділетті әрі Өркениетті мемлекет болуын тілеймін.
 
Аталған мақсатқа жету үшін бар күш-жігерімді салып келемін және алдағы уақытта да солай болады.
 
Қазіргі заманның басты қуаты – білім мен ғылымда, озық инновацияларда. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектіні терең меңгерген ел дамиды.
 
Мемлекетімізге мықты ғалымдар, кәсіби инженерлер, ұлағатты ұстаздар мен білікті дәрігерлер әрқашанда керек болады.
 
Мен ұлтымыздың көшін алға бастай алатын отаншыл азаматтарға зор үмітпен қараймын».
 
t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ АШЫҚ ФОРМАТТА ӨТТІ: №106 ЖӘНЕ №150 МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАҢА БАСШЫЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

bastynews

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 40 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ҚАЖЫМҰҚАН МУЗЕЙІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІП, ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІП ЖАТЫР

bastynews