Медицинаның сапасы тек дәрігердің қабылдауымен өлшенбейді. Оған пациенттің медициналық қызметке қаншалықты тез қол жеткізетіні, ақпараттың ашықтығы, аурудың алдын алу және мамандардың біліктілігі де тікелей әсер етеді. Осы мәселелер Шымкенттегі №6 қалалық емханада өткен «Дені сау ұлт – әділетті қоғамның негізі» атты кездесуде кеңінен талқыланды.
Жиынға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, Абай аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі Зауре Оралбаева, №6 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Ұлбала Тілеубергенова және медицина мекемесінің ұжымы қатысты.
Кездесуде тұрғындардың денсаулығын сақтау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аурудың алдын алу, халықтың медициналық сауаттылығын көтеру және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері сөз болды.
Талқылау барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына қатысты белгіленген басымдықтарға да назар аударылды. Бағдарламада ұлт денсаулығын нығайту, аурудың алдын алуға басымдық беру, медициналық көмекті дер кезінде көрсету және саланы заманауи технологиялармен дамыту қажеттігі атап өтілген.
Ербол Байқонысов денсаулық сақтау саласындағы өзгерістердің басты нәтижесі тұрғынның күнделікті өмірінен көрінуі керектігіне тоқталды. Оның пікірінше, медициналық қызметті жетілдіру тек жаңа технология енгізумен шектелмей, пациентке көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қатар арттыруды талап етеді.
Ал Зауре Оралбаева халықтың денсаулық сауаттылығын арттырудың маңызын атап өтіп, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беру қажеттігін айтты. Бұл ретте азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы мен медициналық ұйымдардың түсіндіру жұмыстары қатар жүргенде ғана оң нәтиже беретінін жеткізді.
Жиында №6 қалалық емхананың қазіргі жұмысы да нақты деректермен таныстырылды. Бас дәрігердің орынбасары Ұлбала Тілеубергенованың айтуынша, медициналық мекеме «Әр адамның денсаулығына қамқорлықпен» деген ұстаным негізінде жұмыс істейді.
Бүгінде емханаға 61 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Оларға 148 дәрігер мен 350 орта буын медицина қызметкері медициналық қызмет көрсетеді.
Емханадағы жұмыстың бір бағыты – тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру. Осы мақсатта «Денсаулық мектебі», «Ерлердің ұзақ өмір сүру мектебі», «Тренинг орталығы», «Әл-Фараби жастар орталығы» және «Салауатты қала» секілді жобалар жұмыс істейді.
Мұндай жобалардың ерекшелігі – тұрғынға тек ауруды емдеу жолдарын түсіндірумен шектелмей, денсаулықты сақтаудың алдын алу шараларына көңіл бөлуінде. Яғни азаматтың медициналық көмекке тек ауырған кезде емес, өз денсаулығын тұрақты бақылау үшін жүгіну мәдениетін қалыптастыру көзделген.
Емханадағы цифрландыру жұмыстарының нәтижесі де назар аударуға тұрарлық. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, әкімшілік жүктемені азайту мақсатында «Бір аймақ – бір терезе» жүйесі енгізілген.
Емхана мәліметіне сәйкес, жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін медициналық ұйымға келушілер саны 11 пайызға азайған. Сонымен бірге пациенттердің емхана жұмысына қанағаттану деңгейі 9,4 пайызға артса, тұрғындардан түсетін шағымдар саны 24,2 пайызға төмендеген.
Бұл көрсеткіштер цифрлық және ұйымдастырушылық шешімдердің пациент үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді. Әсіресе медициналық мекемеге келушілер санын азайту – қызметтің бір бөлігін тиімді ұйымдастыруға және тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кездесуде медицина мамандарының кәсіби біліктілігі де назардан тыс қалмады. 2024 жылдан бері емхананың 73 дәрігері мен 272 орта буын қызметкері арнайы курстардан өткен. Сонымен қатар бес дәрігер шетелде біліктілігін арттырған.
Бұл – медицинадағы өзгерістің тағы бір маңызды қыры. Заманауи құрал-жабдық пен цифрлық жүйе қанша жерден жетілдірілгенімен, оның тиімділігі оны пайдаланатын маманның кәсіби



