Санатталмаған

ЕР -ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен
ардагерлері!

Сіздерді 23- Маусым Қазақстан Республикасының Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Осыған орай кешегі жаугершілік заманда еліне пана болған жас жауынгерлер мен Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымыздың ізін жалғастырған, адам өмірінің тыныштығы мен амандығын сақтап, қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатып, өзінің қызметтік борышын лайықты орындап келе жатқан полиция қызметкерлеріне мерекеге орай алғысымды білдіремін!

2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Менің ойымша бұл мереке құқық қорғау органдарының қызметіне көрсетілген құрмет деп білемін.
Қазіргі таңда аудандық ішкі істер бөліміндегі 114 қызметкері ауданның қоғамдық тәртібін сақтау мақсатында жемісті еңбек етуде.

Қай кезде де тұрғындардың қауіпсіздігі басты орында. Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында соңғы жылдары түрлі шаралар атқарылып, Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орталық көшесіне замануи пунктер бой көтеріп, сондай-ақ соңғы үлгідегі бейнекамералар қойылып, бағдаршамдар орнатылды. Бұл дегеніміз ауданда құқықбұзушылықты азайтуға тікелей септігін тигізеді.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған полиция қызметкерлерінің айбыны арта берсін!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру