Қоғам

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен және «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Оқушылар үйінде жастар арасында Нашақорлық пен есірткі бизнесінің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында қалалық сурет байқауы өтті.
Байқауда әділ қазылық жасағандар:Компьютерлік графика және дизайн пән мұғалімі Назарбеков Алмаз Мақсатұлы,Кентау қаласының нарколог дәрігері Смайлова Әсем Әділханқызы,Кентау оқушылар үйінің сурет жетекшісі Шарипова Зиляйха Атархановна

Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнер арқылы салауатты өмір салтының маңыздылығын насихаттау. Қатысушылар өз суреттері арқылы есірткісіз өмірдің артықшылықтарын, денсаулықтың қадірін және жарқын болашаққа деген сенімдерін бейнеледі.

Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдер өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, нашақорлықтың зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсерін көркем бейнелер арқылы жеткізді. Әрбір суреттен салауатты өмірге деген ұмтылыс пен жарқын болашаққа деген үміт байқалды.

Мұндай шығармашылық байқаулар өскелең ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға және өз денсаулығын бағалауға тәрбиелейді. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Есірткісіз болашақ – жарқын өмірдің кепілі!
Салауатты өмірді таңдайық, болашағымызды бірге қорғайық!

Қатысты жаңалықтар

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды

bastynews

ШЫМКЕНТ: АКИМ ГОРОДА ПРОВЕРИЛ ХОД КАПИТАЛЬНОГО РЕМОНТА IT-ЛИЦЕЕВ ПЕРЕД НОВЫМ УЧЕБНЫМ ГОДОМ

bastynews

Балық өсіруге мемлекеттік қолдау жетпейді – Мағзұм Мырзағалиев

Bastynews