Санатталмаған

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Сіздерді төл мерекелеріңіз 23 – Маусым «Мемлекеттік қызметкерлер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке 2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ-ң 57-і Бас Ассамблеясының сесиясында 23-маусым мемлекеттік қызметкерлер күні болып белгіленіп, 2014 жылдан бастап дәстүрлі түрде аталып келеді.

Қазіргі таңда ауданымыздың әлеуметтік экономикасын дамыту жолында жергілікті атқарушы орган саласында 228 мемлекеттік қызметкер жемісті еңбек етуде.
Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші ие болуы тиіс басты сапаларды бөліп көрсетті. Бұл – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды іс жүзінде қолдана білу, адалдық және белсенді өмірлік позиция- деген болатын.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын жан жүрегімен сезініп, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс деп санаймын.
Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі бәрімізге мәлім. Таңдаған жұмысқа әрі қабылдаған Антқа деген адалдық, рух беріктігі және жауапкершілік мемлекеттік қызметкерлерді әр уақытта даралап келген. Сол жауапты міндеттерді мінсіз атқаруларыңызға тілектеспін!
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жолында атқарған жемісті еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін!

Баршаңызды тағыда мерекелеріңізбен құттықтай отырып – зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға құт – береке, мемлекет мүддесі жолындағы атқарып жатқан еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Изгі ниетпен,

Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру