Жаңалықтар Қоғам

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Конституциядағы теңдік қағидаты күнделікті өмірде қалай көрінуі керек?

Әділетті қоғамда адамның мүмкіндігі оның қай жерде тұратынына, әлеуметтік жағдайына, ұлтына немесе тіліне қарап шектелмеуі тиіс. Әр азамат заң алдында тең болып, өз қабілеті мен еңбегінің арқасында жетістікке жетуге мүмкіндік алуы қажет.

Қазақстан Конституциясының 16-бабында заң мен сот алдында бәрінің тең екені және кемсітуге жол берілмейтіні бекітілген. Бұл – әр адамның өз құқығын қорғауына және қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына негіз болатын маңызды норма.

Түркістан облысында халықтың басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондықтан тең мүмкіндік қағидаты ауыл баласының сапалы білім алуынан, жас маманның жұмысқа орналасуынан, азаматтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуінен нақты көрінуі керек.

Меніңше, Конституциядағы теңдік қағидатының шынайы өлшемі – азаматтың шыққан жеріне емес, мүмкіндігі мен қабілетіне қарай бағалануы.

Заң алдындағы теңдік – әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуден басталады.

Қатысты жаңалықтар

БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМДІ 100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЛДЫ

Bastynews

КУРЫЛТАЙ: В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ ТРУДОВЫЕ ДИНАСТИИ СДЕЛАЛИ СВОЙ ГРАЖДАНСКИЙ ВЫБОР

bastynews

РАЦИОНАЛЬНОЕ ПИТАНИЕ КАК ФАКТОР КОГНИТИВНОГО И ФИЗИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ ШКОЛЬНИКОВ МЕГАПОЛИСА ШЫМКЕНТ

bastynews