Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Шымкент қаласында «Діни тұрақтылық – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында әскери бөлім басшылары, спорттық жаттықтырушылар, пробация есебіндегі азаматтар мен ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

15 қазанда ұйымдастырылған кездесулердің негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, қоғамдық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесулерге теологтар мен психологтар спикер ретінде қатысып, діни тұрақтылықты сақтау, деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы тұру, психологиялық саулықты нығайту және жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу бағыттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әскери бөлім басшыларымен кездесуде әскери ортадағы тәртіп пен жауапкершілік, ал спорттық жаттықтырушылармен кездесуде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы өзара құрметті қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Пробация есебіндегі азаматтар мен ата-аналарға арналған кездесулерде әлеуметтік бейімделу, отбасылық тәрбиенің рөлі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Мамандар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда діни сауаттылықтың, психологиялық қолдаудың және отбасы мен әлеуметтік ортаның өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ – ТЕҢДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

bastynews

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

Bastynews

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті

bastynews