Санатталмаған

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

AzatMedia. Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.. Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндеріне, мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

1.Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша:

• сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;

• қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;

• қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;

• қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;

• фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

2.Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елдімекендер бойынша:

• қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;

• 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

3.Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу, ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

• медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;

• ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

• меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

• жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

• үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);

• халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

bastynews

📍 ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

bastynews

«Таза Қазақстан»: в Шымкенте продолжаются экологические акции и работы по озеленению

bastynews

«Таза Қазақстан»: Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акциялар жалғасуда

bastynews

«Таза Казахстан»: молодежь Шымкента провела экологическую акцию

bastynews

«Таза Қазақстан»: Шымкент жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

bastynews

«Халық үні» фронтмендері өңірлерде байқаушыларды оқыту жұмыстарын жүргізді

bastynews

«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру