Санатталмаған

ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

AzatMedia. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында жолаушыларды тасымалдаушы компания өкілдерімен жиын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Жасыратыны жоқ, қалада әлі карантин жалғасып, маскалық режим қатаң талап етілгенімен, кейбір қала тұрғындары бейқамдық танытып, автобустар мен қоғамдық орындарда маскасыз еркін жүр.

Осыған байланысты, талапты күшейтіп, қоғамдық көліктерде бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз.

Өздеріңіз білесіздер, COVID 19 пандемиясының симптомсыз түрінің таралуымен қатар, тұмау, аллергия сынды аурулар да белең алуда.

Осы ретте, қала тұрғындарын санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып, маскалық режимді сақтап, жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

Егер жағдай жақсармаса, қайта шектеу қою шараларын енгізуге мәжбүр болатынымызды ұмытпауымыз керек, деді басқосуда Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус дертімен ауырса, індеттің белгілері жоқ 656 тасымадаушы тіркелді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру