Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚҰЛАҚҚАҒЫС!

Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!

Түлкібас ауданы бойынша 2020 жылғы 21-26 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу аудан орталығындағы «А.Пушкин атындағы ақпараттық-технологиялық мектеп-лицейінің» базасында өткізіледі.

Республика көлемінде пандемияға қарсы қауіпсіздік шараларын ескере отырып, төмендегі ережелерді басшылыққа алуды сұранамыз:
 Ата-ана мен сынып жетекшілер,тестіленуші ҰБТ өткізу пунктінің кіре берісінде күшейтілген медициналық-санитарлық шараларды сақтау алгоритмін және тәртіп сақтау ережесін қатаң сақтау керек;
 Ғимаратқа кіре берісте 2 метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режимде жүзеге асырылады;
 Дезинфекцияның бірінші кезеңі сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділерден залалсыздандыратын арнайы тунельден және аяқ киімді,қолын санитайзермен дезинфекциялайды;
 Тестіленуші термобақылаудан өтуі тиіс, тестіленушіден дене қызуы анықталған жағдайда оған кезекші медициналық қызметкерлердің бригадасы шұғыл көмек көрсетеді;
 Тестіленуші өз денсаулығының қанағаттанарлық жағдайын,ҰБТ өткізу ережелерімен танысқандығын және тыйым салынған заттарды алып кіру үшін жауапкершілігін растап қол қояды;
 Тестілеуде түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту, тыныс алу үшін респираторлық маскалар тағу және қолғаптар киюге міндетті болады;
 Металіздегіштен өткенде тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестіленуші тестілеуге кіргізілмейді және бір жыл мерзімге тест тапсыру мүмкіндігінен айрылады;
 Аудиторияда тестіленушілерді отырғызу кемінде 2 метр арақашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Әрбір мектеп бітіруші ҰБТ тапсырар кезінде өзінің таңдаған пәндерінен ауытқымай, шатастырмай, нақты жауаптары бойынша белгілеуі тиіс.
Сонымен қатар, тестілеу барысын онлайн режимде қарап отыру үшін арнайы сілтеме ата-аналар мен талапкерлердің заңды өкілдеріне қосымша таратылады.

Ұлттық біріңғай тестілеу аяқталғаннан кейін 25 тамызға дейін бейнебақылау жазбасы талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі жойылады.
Аудан бойынша казіргі таңда санитарлық норма талаптарын сақтау мақсатында қызу дайындық жұмыстары қолға алынған.

Жоғарыда айтылған медициналық-санитарлық шараларды сақтай отырып, үлкен сынақта сәттілік серіктеріңіз болсын!

©Түлкібас аудандық білім бөлімі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру