Санатталмаған

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 50 ОТБАСЫҒА КӨМЕКТЕСТІ

AzatMedia. Республика бойынша балалардың биік үйлердің терезесінен құлап, жазатайым оқиғалардың орын алуы көптеп кездесуде. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев қалада қауіптіліктің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Шымкентте жыл басынан бері мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Бірақ бұл ойланбай, алансыз отыруға себеп емес. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың терезеден құлауын алдын алу бойынша тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. «Қауіпсіз үй» акциясы аясында ТЖ департаменті ардагерлерінің қолдауымен 50 дана «қауіпсіздік құлыптары» сатып алынды – деді Мадияр Есенгелдіұлы.

Мұндай қайырымдылық акциясы республика бойынша өтуде. Шымкенттік құтқарушылардың демеушілігімен алынған терезе шектеулері көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерінде орнатылған.

Брифинг соңында жауапты маман ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

– Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Ешқашан москит торын есепке алмаңыз. Олар қорғауға арналмаған. Терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз. Балаларға балконға ересектердің қадағалауынсыз шығуына рұқсат бермеңіз. Барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді, терезеден ары қойыңыз. Бұл баланың терезеге кездейсоқ баруының алдын алуға көмектеседі, – деді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру