Санатталмаған

БЮДЖЕТТІК НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

AzatMedia. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып берді.

– Мамандарды ауылға тарту үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Былтыр 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл тұрғыда мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, сондай-ақ ветеринарлар мен агрономдар қамтылды, – деді Р. Дәленов онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Олар үшін баспанаға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оның жоғары сомасы жыл сайын артып келеді. Бүгінде оның көлемі 4,1 млн теңгені құрады. Несиелеу ставкасы 15 жылға 0,01 пайызды құрады. Сонымен қатар Р. Дәленов жоба аясында көшетіндерге арнайы ақы қарастырылғанын еске салды. «Биыл баспанаға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларымен тағы да 5 мың жас маман қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жастар жылы» аясында қаржыландыру көлемі төрттен бір бөлікке артып, биыл оның сомасы 20 млрд теңгеге жетті», – деді ведомство басшысы.

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру