Санатталмаған

БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУДЫ ЕСКЕРТЕДІ!

AzatMedia. Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғын үйлеріндегі ойын алаңдарында ата-аналармен профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында ТЖ қызметкерлері ата-аналармен соңғы уақытта биік үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайлары жиілеп кеткені, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескерту жасады. Мамандар қарапайым ережелерді орындау қайғылы жағдайдың алдын алуға
және баланың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетінін айтты.

Баланы қараусыз қалдырмаңыз! Осылай деген мамандар ата-аналарға мынадай кеңестер ұсынады:

1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, себебі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда құлау жағдайлары орын алады;

2. Бала терезеге көтеріле алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алшақ жылжытып қойыңыз;

3. Ешқашан москит торға сенуге болмайды! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше-москит торы қайғылы жағдайға алып келеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге сүйенгендей оған да сүйенеді. Балалардың торлармен бірге құлап түсу жағдайы жиі орын алады!

4. Терезеге балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қою керек.

5. Егер сіз баланы терезеден бірдеңе көрсетсеңіз-оны әрдайым мықты бекітіңіз, баланың жылдан қимылдарына дайын болыңыз, алақанын құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз.

6. Егер сіздің дәл қазір сақтандыру құрылғысын орнатуға мүмкіндік болмаса, сіз қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, терезенің тұтқасын оңай айналдыра аласыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру