Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕГІ ПЕРЗЕНТХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

AzatMedia. Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентханаға арнайы барды.

Қазіргі уақытта 2 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталған. Алда мекеменің 6 корпусында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строи.ком Прогресс» компаниясы қазан айында перзентхананы қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі кезде жүкті әйелдер қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті медициналық көмек алуда. Жөндеу жұмыстарынан кейін ғимараттың материалдық-техникалық базасы 100 пайыз жаңартылып, ана мен балаға сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі артады.

Медициналық мекемені аралап көрген министр Елжан Амантайұлы шұғыл медициналық көмек көрсететін реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог сынды мамандардың тапшы екенін айтты. Сондай-ақ, олардың мәртебесін көтеру қажеттігін ерекше атап өтті.

Шымкент қалалық перзентханасы – перинаталдық көмек көрсетудің екінші деңгейлі мекемесі. Мұнда қалалық емханаларға қарасты тіркеуде тұрған әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетіледі. Мұнда жылына орташа есеппен 9 мың ана босанады, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш артады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру