Санатталмаған

ШЫМКЕНТ СЫРАСЫ ӨЗ ӨНІМІН ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРУДА

AzatMedia. Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруда. Бұл туралы қаладағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытын аралау барысында мәлім болды.

Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім шығарады. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр.

«Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова қала әкіміне өндірістің ішкі жұмыстарын таныстырып қана қоймай, болашақтағы жоспарларын да баяндады.

Сыра зауыты бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жақын күндері квас секілді алкогольсіз өнім шығаруды жоспарлауда. Отандық өнім ішкі нарықты ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайға да жөнелтіледі.

Зауытты аралау кезінде қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында инвестиция тарту жолдарын қарастыру жөнінде тиісті басқарма басшысына тапсырма берді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру