Санатталмаған

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Түлкібас аудандық Арнайы мониторингтік топ мүшелері және ПБК мүшелері азық-түлік сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 01.06.2020 жылдан бастап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Төтенше жағдай кезініндегі халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық жиынтығының құрамын таратуда. Оны алатын халық санаты төмендегідей:
1) Барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар;
2) 16 жасқа дейінгі мүгедек бала асырап отырған отбасы;
3) АӘК алатындардың 6-18 жас аралығында балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) Ресми жұмыссыздар.

Түлкібас ауданынан бұл көмекке 9009 адам енгізілген. Түлкібас аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұл көмекті жүзеге асыруда ЖК «Нағметовамен» келісім-шартқа отырған. 1 азық-түлік себеті 5500 тг бағаланған. Себебі көмек алатын 9009 адам 62 елді мекеннің ішінде орналасқандықтан, оларға азық-түлік себетін буып-түю, оны әр үйге жеткізіп беруі бар екендігі қарастырылған. Көмек алатын азаматтарға азық-түлік себетін арнайы жүк тиейтін көлікпен (газельмен) тасымалдауда. Азық-түлік құрамы мен мөлшері төмендегі суретте. Себеттер арнайы қоймада сақталуда. Арнайы мониторингтік топ мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері себеттегі азық-түліктердің мерзімі өтіп кетпегендігіне көздерін жеткізді, барлығы заңды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру