Санатталмаған

ТҮЛКІБАСТА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Облыс әкімі Ө.Шөкеев аудан әкімдерімен өткізген соңғы селекторлық мәжілісте облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі – Үшiншi бағыт: үй іргелік жерлерді тиімді израильдiк технологияларды пайдалану арқылы мол өнім алу.

Бүгін осыған орай Түлкібас ауданында облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Шақпақ ауылдық округінде көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан әкімі Н.Байғұт, аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалық төрағалары мен мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын азаматтар және бір жерден 2-3 өнім алдыруға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты. Атап ɵтерлiк жайт, Екiншi бағыт бойынша семинар-тəжiрибе алмасу бiр апта бұрын Жаскешу ауыл округiнде ɵткен болатын.

 Семинардың мақсаты үй іргелік жерлерге Израильдік технологияның енгізудің тиімділігін түсіндіру. Мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын тұрғындарға өз кәсібін ашуға бағыт бағдар беру, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ету.
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес аудан әкімі бастаған округ әкімдері мен семинарға қатысушылар тамшылатып суғару тәсілін орнатып, үй іргелік жеріне қызанақ отырғызған жеке кәсіпкер З.Рахматуллаеваның үйіне табан тіреді.

Бұл жерде аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы семинарға қатысушыларға Израильдік технологияның тиімділігі мен артықшылықтарын арнайы бейнеленген стендт арқылы көрсетіп, түсіндірді.
Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасынан жабайы шөп шықпайды.

Израильдік технология орнатылған егістік алқабында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын тұрғындармен сұқбат құрған аудан әкімі, тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыларды пайдалана отырып, тұрмыстық жағдайын жақсартып алу қажеттігін айтты. Мысалыға, 555 мың теңге қайтарымсыз грант алған азаматтар 200 мың теңгесіне Израильдік технология орнатып, қалған қаржысына мал алуға болатындығын жеткізді. Және алдағы уақытта бұл бағытта кәсіпті ұлғайтқысы келген азаматтарға қолдау білдіруге дайын екендігін тілге тиек етті.

Айта кетерлік, аудан аумағында Израильдік технологияны орнатуға қызығушылық білдірген азаматтарға аудан әкімдігі тарапынан жан жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен жеке кәсіпкер Т.Сейсенбаев арасында келісім түзілген. Келісім бойынша Талғат Сейсенбаев есімді азамат 200 мың теңгеге 10 сотық жерге дейін тамшылатып суғару технологиясын əр ниет бiлдiрушi ерекшелiктерiн ескере отырып, орталықтандырған ұйымдасқан түрде орнатып береді. Бұл да аудан əкiмдiгi тарапынан ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.

Сонымен қатар, көшпелі семинар барысында қатысушылар «Береке», «Империя», «Жарқынбек» және «Ақ биік» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, қажетті мағлұматтар алды.

Ауданда бүгінгі таңда пилоттық жоба ретінде тамшылатып суғару әдісі 150 АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын тұрғындардың үй іргелік жерлеріне орнату жоспарлануда.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру