Санатталмаған

1 МАУСЫМДА «МАНКЕНТ» ШИПАЖАЙЫ АШЫЛАДЫ

AzatMedia. Сайрам демалыс орындарына бай аудан. 1 маусымнан бастап карантиндік санитарлық шектеу талаптарына сай қызмет көрсете алатын «Манкент» шипажайы ашылады.

Шипажайдың санитарлық талапқа қаншалықты сай екенін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, кәсіпкерлік бөлімі және аудандық санитарлық қадағалау мекемесінің жауапты қызметкерлері барып көрді.

Бөлмелердегі, ас үй, емдеу жағдайы толығымен шектеу шараларына сай қызмет етуге дайын.

Айта кетейік, «Манкент» шипажайы емделу-демалыс орны Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындарының ең сүйікті демалыс және емделу орнына айналған.

Жалпы, 12 гектардан асқан шипажай аумағында бау бақша мен саябақ ішінде 25 тұрғын және қорпустар, балшықпен емдейтін емхана, сұлулық және SPA-салондар, мини-маркеттер, мейрамханалар, кафелер, субұрқақтар, мәдени-ойын орталықтары, балалар және ересектердің ашық бассейндері, жаттығу залы, спорт алаңдары мен тенис корттары бар.

«Манкент» шипажайы медициналық профильді мамандырылған бальнеоклиматтық шипажай.

Мұнда перифириялық нерв пен сүйек-бұлшық еттер жүйелерін, ішкі құрылыс органдары мен тыныс алу жолдарын, урология мен гинекология аурулары, зат алмасуының бұзылуын емдейді.

Шипажайда 23 корпус бар, оның 16-сы-бөлек коттедждер. Қыста шипажай 460, ал жазда 700 адамды қабылдайды.
Әр корпуста 1,2,3 кісілік нөмірлер бар.

Демалушыларды жоғары квалификациялы мамандар қабылдайды.

Шипажайда беретін тағамдардың сапасы мен әр түрлілігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай емдек дене шынықтыру кешенінде демалушылар үшін жаттығулар өткізіледі.

Сайрам ауданы əкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ

bastynews

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

bastynews

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

bastynews

bastynews

“ШЫМҚАЛА КЕШІ” АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

bastynews

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

bastynews

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

bastynews

📍 ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру