Санатталмаған

КЕНТАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ СӘБИДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

AzatMedia. COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан облысы, Кентау қаласының 23 жастағы тұрғыны 27-ші мамыр күні Кентау қалалық жұқпалы аурулар аураханасына жатқызылған. Айы-күні жетіп, толғағы қысқан коронавируске шалдыққан әйелдің жатыр тыртығынан қан кету қауіптілігіне байланысты дәрігерлер шұғыл түрде ота жасайды.

Дүниеге келген қыз баланың салмағы – 3 кг, бойы – 51 см. Нәрестеден бірден коронавируске талдау алынған. Сәби індеттен дін аман. Қазір бөлек палатада оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты. Жас ана инфекциялық бөлімде ем қабылдауда. Бұл оның екінші перзенті.

Қауіпті дертке ұшырап, сан ойға кеткен әйел ақ халатты жандарға алғысын жаудыруда. Отаға жетекшілік еткен реанимотолог-дәрігер Ержан Жұмашев тәулік бойы осы инфекциялық госпитальда. Отбасымен алда тағы екі апта көріспейді.

«Коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға ота жасауда қорғаныш киімдері аздап ыңғайсыздық тудырады. Қалғаны науқастарға көрсететін қалыпты қызметіміз. Біз үшін бұл әйелдің сауығып, перзентін қолына алғаны үлкен қуаныш болады»,-дейді ол.

Кентау қалалық ауруханасының дәрігерлері осымен коронавируске шалдыққан екінші науқасты босандырып алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетті 358 адам жұқтырған. Облыс дәрігерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында 199 науқас ауыр дерттен айығып, үйлеріне оралды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру