Санатталмаған

107 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ 15 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

AzatMedia. ҚР Президентінің тапсырмасы аясында төтенше жағдайға байланысты 2 ай мерзімге коммуналдық төлем үшін дербес шоттарға 15 мың теңге жәрдемақы төлемдері жүріп жатыр. Түркістан облысы тұрғындары Telegram әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkіstan Bot» немесе call-орталық арқылы өтінім жолдап жатыр.

Әр аудан, қалаларда жеке call-орталықтар жедел қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда, жалпы тұрғындардан түскен өтінімдер саны – 154 028, оның ішінде 107 496 өтініш мақұлданған. Қаралып жатқаны – 42 583 өтінім. Кері қайтарылғаны – 3 919. Қазіргі таңда тұрғындардың дербес шоттарына – 701 491 584 қаржы аударылған.
Өтінімдердің кері қайтарылу себебі, бір отбасыдан 2 адамнан көп өтінім жолдаған және тұрғылықты мекен-жайын дұрыс таңдамаған, сондай-ақ дербес шоттарын дұрыс ұсынбаған өтінімдер кері қайтарылған.
Тұтынылған коммуналдық қызметтерге: газ, электр энергиясы, жылу, ауыз су және кәріз жүйелерінің қызметі үшін тұрғындардан түскен өтінімдер бойынша өтемақы толық төленді. Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен бұйрығына сәйкес, өтінімдерді қабылдау маусым айының 25-не дейін жалғасады.
Өтеу келесі санаттағы азаматтардың немесе олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында коммуналдық қызметтер бойынша дербес шоттары болған жағдайда берілетін болады.

1) І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер; 2)Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және осыларға теңестірілген адамдар; 3)Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; 4)Көпбалалы отбасылар; 5)ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 6)Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
7)атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру