Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: САРБАЗДАР ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

AzatMedia. Түркістан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмысы аяқталды. Естеріңізде болса, бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов та қатысқан болатын.

Қиын сәтте елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсеткен әскерилер блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыру жұмыстарына атсалысты. Қалалық полиция өкілдерімен бірге мөлтек аудандарда патрульдік қызмет атқарды.

Осы орайда, арнайы жиынның аяқталуымен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтап, облыс басшысының алғыс хатын табыстады.

«Түркістан облысы аумақтық қорғаныс бригадасы басшылығы мен әскери қызметкерлеріоблыс орталығында блокпосттарды күшейту және патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Арнайыжиын бір ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында болған техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін тартылған Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Келес, Шардара аудандарындағы бөлімшелерінің сарбаздары ерлікпен әскери қызметін атқарды. Жиын кезінде, әрқайсыңыз жанқиярлық пен әскери дисциплинаның үлгісі болдыңыздар», деген облыс әкімінің орынбасары, бірқатар жауынгерлерге ҚР Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Н.Ермекбаевтың арнайы грамотасын, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор К. Каракуловтың алғыс хатын табыстады.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша 230 әскери міндетті тіркелген,. оның 50-і Түркістан қаласына жұмылдырылды. Оларға тұрақты жұмысында берілетін жалақы мөлшері өзгеріссіз беріліп отырды. Ал, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар 42500 теңге көлемінде айлық алған.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру