Санатталмаған

МАҚТААРАЛДА ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

AzatMedia. Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іспен арнайы жұмысшы тобы айналысуда.

«Дәл қазіргі уақытта біз топан су шайған 5 ауылдағы үйлерді түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екі-үш күнде қанша үйдің бұзылғаны, қайта салынатыны белгілі болады. Сол кезде бұл туралы мәліметті жалпыға ортақ етіп, жария етеміз.Әзірге тұрғындар уақытты тиімді пайданалып, су шайған аулаларын күл-қоқыстан тазартып, құлаған үйлер мен қора-қопсыларын ретке келтіріп жатыр», – дейді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, Өргебас пен Фирдауси елдімекендерінің тұрғындары ешқайда көшірілмейді. Сондай-ақ, олар үйлерінің құрылыстарын өздері жүргізетін болады. Яғни, бұзылған үйлердің өтемақысы тұрғындарға үкіметтік резервтен кезең-кезеңімен аударылып отырады. Таяуда ғана Үкіметтік комиссия мен тұрғындардың кездесуінен кейін осындай шешім қабылданған болатын.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру