Әрбір халықтың ұлттық болмысы оның тарихымен, мәдениетімен және рухани мұрасымен тығыз байланысты. Тарихи ескерткіштер мен мәдени құндылықтар – өткеннің белгісі ғана емес, келешек ұрпаққа жеткізілетін рухани аманат.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау азаматтардың міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Бұл қағидат ұлттық құндылықтарды қорғаудың мемлекеттік әрі қоғамдық маңызын айқындайды.
Бұл тұрғыда Түркістан облысының орны ерекше. Күллі түркі әлемінің рухани орталықтарының бірі саналатын Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Сауран қаласының тарихи орны – халқымыздың бай тарихын танытатын баға жетпес мұралар.
Аталған тарихи орындарды сақтау, ғылыми тұрғыдан зерттеу және әлемге таныту – тек мәдениет саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе жас ұрпаққа тарихи мұраның маңызын түсіндіру арқылы олардың ұлттық сана-сезімі мен туған жерге деген құрметін қалыптастыруға
