Мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – азаматтарға жасалған қолайлы жағдай мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында бұл мәселеге айрықша назар аударылып, елді мекендерді кешенді дамыту, заманауи әлеуметтік нысандар салу және инженерлік желілерді жаңғырту міндеті қойылды.
Мемлекет басшысы ұсынған «Халықтық құрылыс» бастамасы – еліміздің барлық өңірін қамтитын ауқымды жобалардың бірі. Оның басты мақсаты – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерді шешу, тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін нысандардың қолжетімділігін арттыру.
Бұл бағыт Түркістан облысы үшін де ерекше маңызға ие. Халық санының өсуі, жаңа тұрғын алаптарының қалыптасуы және елді мекендердің кеңеюі әлеуметтік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды талап етеді. Әсіресе, шалғай ауылдардағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын жаңғырту
