Бүгінде көлік-логистика саласы мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық бағыттардың біріне айналды. Өнім өндірумен қатар оны ішкі және сыртқы нарықтарға тиімді жеткізу, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту және сауда байланыстарын нығайту – тұрақты экономикалық өсудің маңызды шарттары.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріп, көлік дәліздерінің әлеуетін толық пайдаланудың маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, дамыған көлік логистикасы ел экономикасының өркендеуіне тікелей ықпал етеді.
Бұл міндет Түркістан облысының географиялық және экономикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Өңірдің Өзбекстанмен шектесуі, Шымкент және Қызылорда облыстарымен көлік байланысы, сондай-ақ Орталық Азия нарығына жақындығы логистикалық бағыттарды дамытуға қолайлы мүмкіндік береді.
Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және туризм салалары
