Түркістан – Қазақстанның рухани орталығы ғана емес, тарихи-мәдени мұрасы арқылы халықаралық деңгейде танылуға мүмкіндігі зор өңір. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашығы және өзге де тарихи орындар аймақтың туристік тартымдылығын қалыптастыратын бірегей құндылықтар саналады.
Бүгінде туризм әлемдік экономикадағы маңызды салалардың біріне айналды. Ол тек саяхатшылар ағынын арттырумен шектелмейді. Қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану, көлік қызметі, қолөнер, сауда және мәдени индустрияның дамуына ықпал етеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инфрақұрылымды жаңғырту, қалалардың жайлылығын арттыру және мәдениет нысандарын дамыту мәселелеріне басымдық берді. Бұл міндеттер Түркістан облысының туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерумен тікелей байланысты.
Соңғы жылдары Түркістан қаласы туристік инфрақұрылымы дамыған орталық ретінде қалыптасып келеді. Қалаға келетін туристер үшін қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, мәдени-т
