Жаңалықтар Қоғам

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ: ТҮРКІСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ДАМУ БАҒЫТЫ

Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының экономикалық әлеуетін айқындайтын негізгі салалардың бірі. Өңірдің табиғи-климаттық ерекшелігі, еңбек ресурстары және егіншілік дәстүрі аграрлық секторды дамытуға кең мүмкіндік береді. Дегенмен қазіргі кезеңде саланың бәсекеге қабілеттілігі тек өндіріс көлемімен емес, технологияны қаншалықты тиімді қолдануымен де өлшенеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізудің маңызын атап өтті. Бұл бастама ауыл шаруашылығына да жаңа талаптар қойып отыр. Ендігі міндет – дәстүрлі еңбек тәсілдерін заманауи технологиялармен ұштастырып, өндіріс тиімділігін арттыру.

Түркістан облысында суармалы егіншіліктің үлесі жоғары болғандықтан, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі айрықша өзекті. Климаттық өзгерістер мен су тапшылығы жағдайында әрбір текше метр судың экономикалық қайтарымын арттыру қажет.

Қатысты жаңалықтар

Масылдық көзқарастан қалай арыламыз?

Bastynews

ҚҰРБАН АЙТ – ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ!

Bastynews

ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

bastynews