Жаңалықтар Қоғам

Шымкент жастары болашақ технологияларды бағындыруда! «Цифрлық серпін – 2026» фестивалі өз мәресіне жетті! 🚀🔥

Қаланың ең озық ойлы жастары, болашақ бағдарламашылар мен өнертапқыштар бір алаңда тоғысты. Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған бұл ауқымды дода — тың идеялар мен инновациялардың нағыз ордасына айналды.
Бір күн ішінде қатысушылар:
⚡ Robot Zone, AI Zone, Creative және Startup көрмелерінде озық жобаларды тамашалады;
🧠 «DIGITAL IQ» интеллектуалдық куизінде жылдамдық пен білім сынасты;
🎙️ «AI TALKS» алаңында жасанды интеллекттің ертеңгі мүмкіндіктерін талқылады;
💡 «DIGITAL PROJECT» байқауында Smart City, EdTech, AI Solutions бағыттары бойынша өз стартаптарын қорғап, үздік атанды.
Жүзден жүйрік шыққан жобалар байқауының жеңімпаздары:
🥇 1-орын: Аяп Рамазан
🥈 2-орын: Аптарбек Арман
🥉 3-орын: Маханбеталиев Марат Алишерұлы
Жаңа белестерді бағындырған жеңімпаздарды құттықтаймыз! Цифрлық болашақты бірге жасаймыз! 💻✨

Қатысты жаңалықтар

В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ ПРОВЕДЕН МОНИТОРИНГ ДОСТУПНОСТИ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКОВ

bastynews

Жалқаулық жақсылыққа апармайды

Bastynews

ТҮЛКІБАСТА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

bastynews