Санатталмаған

КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

AzatMedia. Өкінішке орай бүгінде бүкіл әлемде әбігерге салған коронавирус індетінің алдын алуда кейбір азаматтар немқұрайлық танытып, бекітілген тәртіпті сақтамай жүр.

Осы ретте бүгін кезекті рет Түлкібас ауданы әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарды арнайы аралап, карантин режимінің шектеулерін түсіндірді. Шара барысында карантин режимін бұзған екі кәсіпкерге хаттама толтырылып, біршамасына ескерту берілді.

Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі таңда елімізде коронавирус пандемиясының өршіп тұрғаны белгілі. Осыған орай, аудан аумағындағы аудан әкімдігі тарапынан іске асып жатқан шектеулердің барлығын қатаң сақтап, өз жақындарымызға жанашыр болайық!

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру