Санатталмаған

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

AzatMedia. Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, аудандық салық басқармасының басшысы қатысты. Ауылдық округ және кент әкімдері әдеттегідей ВКС(онлайн) режимде қатысып отырды.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов өзінің жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және жер қатынастары салалары бойынша аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бюджеттің игерілуі және болжамды орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Л.Бейбітова баяндама жасап, ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан іске асып жатқан салық түсімдерінің орындалуын талдап өтті.

Үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З.Мырзабаев облыс және аудан әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндама жасады.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі, күні кеше облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте берілген тапсырмалардың іске асу жүйесін талдап, Бауыржан Қуандықұлына ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласына қатысты индикаторлық көрсеткіштерді орындау мақсатында жұмысты жандандыру қажеттігін ескеріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, коронавирус індетін алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топ жетекшілеріне облыстық бас санитарлық дәрігердің №24 қаулысын іске асыру бойынша қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, ауылдық округ, кент әкімдері мен жауапты бөлім басшыларына округ аумақтарындағы күл-қоқыс тастайтын арнайы орындарды ретке келтіру бойынша, салық түсімдері жоспарының орындалуы және елді мекендердегі жол жөндеу мен құрылыс нысандарының сапасын үнемі бақылап отыруын ескеріп, мамандарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруды тапсырды.

Жиын соңында аудан басшысы мәжіліске қатысушы мемлекеттік қызметкерлерді бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру