Санатталмаған

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр қалам ұстаған бір топ тілшілер қауымының еңбегін еледі. Қоғам айнасына айналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет грамотасын табыстады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған AzatMedia хабарлайды.

Шығармашылық ұжымның еселі еңбегін насихаттаған журналистер қатарында Оңғар Тәжиев сынды аға буынмен қатар қаламы қарымды жастар да бар. Оңғар Тәжиев Шымкент қаласында ҚР құрметті журналисі атағына ие болды.

Бүгінгі дамыған заман көшінде ақпараттың алар орны ерекше. Жыл он екі ай қоғамдық ойдың қозғаушысы, жаңалықтың жаршысы болып, тер төккен қалам иелерінің бірі – Олжас Мамыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік желі белсендісі. Қарымды қалам иесі қозғаған тақырыптар қашанда әлеуметтік маңызға ие. Мерекеде мерейі тасыған маман марапаттан гөрі халықтың қамын басты орынға қояды.

Елде енгізілген төтенше жағдай кезінде әлемді жайлаған індетті көзге ілмей қызмет еткен мамандардың бірі – БАҚ өкілдері. Олар  сын сағатта уақытпен санаспай ақпаратты жедел әрі сауатты жеткізе білді. Осы еңбектерін елеген Уәли Қыдыров бұдан кейінде аталмыш саланың дамуына бірлесе үлес қосуға шақырды. Сондай- ақ,  шара барысында Оңтүстік телеарнасының да бірқатар жас журналистері түрлі марапаттарға ие болды.

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру