Санатталмаған

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізілуде.
Рейдтік шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Жол активтері ұлттық сапа орталығының қалалық филиалымен, Арнайы мониторингтік топпен бірлесе ұйымдастырылуда.

Кезекті шараның ұйымдастырылуына әлеуметтік желілердің бірінде Ақниет мөлтек ауданындағы Шарайна көшесінде салынып жатқан жолдың сапасына қатысты тұрғындардың жазбасы себеп болды.
Ұйымдастырушылар осыдан бір апта бұрын тұрғындармен, мердігер компания өкілдерімен жүздесіп, олардың шағымдарын тыңдап, салынып жатқан көшенің сапасын тексерген болатын.

Нәтижесінде құдықты жол жабынының жоғары белгісіне дейін көтерілмегендігі, жүк көлігінің жаяу жүргіншілер жолынан жүру салдарынан асфальт жол жарамсыз болып қалғаны, бірінші қиылыста жол жиегі жағынан жалпы ауданы 30 м2 жол жабынының қалыңдығы сәйкес келмейтіндігі және көлденең түйісі тегіс еместігі анықталды.

Мердігер компанияға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріліп, кемшіліктердің қалпына келтіру барысына қайта мониторинг жүргізілді.
Ұйымдастырушылар көшедегі жолдың сапасына қатысты тағы да бірқатар кемшіліктерді жеткізіп, олар жойылмайынша тапсырыс беруші тарапынан жол қабылданбайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, жобаның мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу болып табылады.
Ағымдағы жылы Жоба аясында 7 рейдттік іс-шаралар өткізіліп, 61 стандартқа сәйкес емес кемшіліктер анықталып, қорытындысымен құзырлы органдарға хаттар жолданды.

@Өз тілшімізден. 

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру