Санатталмаған

ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрхановтың қатысуымен қаладағы ауыр жүк көліктерінің жұмысын оңтайландыру жөнінде брифинг өтті.

Брифинг барысында Абай Әбдіманапұлы Шымкент қаласының орталық көшелерінде көлік қозғалысын оңтайландыру, кептелістерді болдырмау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу және асфальт қабатының бұзылмауын қамтамасыз ету үшін жүк көліктерінің жүрісін шектеу мақсатында өзгерістер енгізілгенін айтты.

– Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен қала ішінде құрылыс нысандары, зауыт, фабрика, қоймалар, өндірістік нысандардың шоғырлануына орай құрылыс заттары мен тауарларды тасымалдауға жағдай жасау мақсатында жүк көліктерінің қозғалысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұған дейін Т.Рысқұлов, Әл-Фараби көшелері, Темірлан тас жолы, С.Қожанов, Мәделі қожа, Жібек жолы, Ұ.Арғынбеков, атауы жоқ көше (Ұ.Арғынбеков көшесі мен Н.Назарбаев даңғылын қосатын), Сыпырған ата және Т.Өтегенов көшелері көшелерінде үлкен жүк көліктері жүрген болса, бүгінде ол көшелерге шектеу қойылды. Ендігі кезекте салмағы 5 тоннадан аспайтын жүк көліктері ғана жүре алады. Аталған көшелердің сызбасы Шымкент қаласы әкімдігі және қалалық полиция департаменті қызметкерлерімен бірге келісілген. Яғни, 1 шілдеден бастап көрсетілген сызба бойынша жүк көліктері қатынауы тиіс. Осы орайда қала ішінде жол жөндеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан сұрақтар туындауы мүмкін. Бірақ бұл жөнінде арнайы механизм қарастырылған. Бұдан бөлек айта кететін жайт, сызбада көрсетілгендей қызылмен белгіленген сызба бойынша 13 тонна жүк көліктері, ал жасылмен белгіленген сызбада салмағы 5 тоннадан аспайтын жүк көліктері қатынайды», – деді басқарма басшысының орынбасары.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру