Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – БҰЛ АДАМ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМ МҮЛКІН САҚТАУ

Қазіргі карантин жағдайында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстануды ұсынады.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте шығармауды ескертеді:

– электр жабдықтары мен тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде олардың ақаусыздығына көз жеткізу қажет (жабдықтың қысқа тұйықталуы және оқшаулаудың зақымдануы тұрғын үйде өрттің пайда болуының ең көп тараған себептері болып табылады;

– жұмыс істеп тұрған электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды;

– бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз. Бұл сымдардың шамадан тыс жүктелуіне, қызуына және оқшаулаудың жануына әкеледі;

– газ тұрмыстық құралдары да жарамды күйде болуы керек . Тіпті газдың аздаған иісімен де құрылғыны өшіріп, авариялық қызметті шақыру керек. Ақаулықты (ағып кетуді) жойғанға дейін ешқандай жағдайда электр және ашық отты пайдалануға болмайды;

– өзін-өзі оқшаулау режимін сақтай отырып, спирттік ішімдіктерге салынбаңыз. Тіпті аз ғана алкогольдік мас болу күйі адамның қырағылығын төмендетуге қабілетті. Тұрғын үйдегі өрттің ең көп тараған себептерінің бірі – темекі шегу кезіндегі абайсыздық, көбінесе мас күйінде;

– балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу мақсатында, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулау кезінде немен айналыссаңыз да, өзіңіз және жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы есте сақтаңыз.

Құрметті шымкенттіктер, вирустық инфекцияның таралуына ғана емес, сонымен қатар өрт оқиғаларының өсуіне жол бермейік. Абай болыңыздар! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар! Және, үйде болыңыз!

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру