Санатталмаған

КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛМЕК

Шымкент қаласындағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне берген арнайы сұхбатында қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2020 жылғы 23 маусымынан бастап шектеу шаралары күшейетінін де жеткізді.

Атап өтсек:

1. Базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі;

2. Барлық сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмыс кестесі 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендері сағат 21:00-ге дейін шектеледі;

3. Әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарының (кафелер, мейрамханалар және т.б.) жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары, құйылатын сусындар мен балмұздақтар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі;

4. Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін шектеледі;

5. Қоғамдық көліктер дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі;

6. Жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA – салондары және сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылады.

©Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

bastynews

«JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті

bastynews

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

bastynews

«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ

bastynews

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

bastynews

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

bastynews

bastynews

“ШЫМҚАЛА КЕШІ” АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру