Санатталмаған

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨРШУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында, ең алдымен, Ербол Әбілхайырұлы қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайды жеткізді.

– Қазір Шымкент қаласында тек қана коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы бойынша біз күнделікті нақты жоспарлы жұмыстарды жасап жатырмыз. Ал пандемиямен аурушылар саны 2300-ге жетті. Оның ішінде кешегі күні 116 адам тіркелді. Сол себепті науқастар санының күрт өсуіне байланысты жедел жәрдем қызметін күшейтуге күш салдық. Дәл қазір 100 бригада толықтай жұмыс істеуде. Одан бөлек, диспетчерлік қызметті ұлғайттық.

Соңғы талдаулар бойынша 1 маусымда бір тәуліктің ішінде 1091 шақырту болса, 10 маусымда 1200-ден асқан, ал кешегі күні шақырту 1850-ге жеткен. Бұл медициналық шақыртулардың басым бөлігі – ЖРВИ және пневмониямен ауырған науқастар. Дәл кеше 129 науқас қабылданған. Осы жағдайға байланысты алдын ала карантиндік және провизорлық стационарларды күшейттік. Яғни, осыдан бес күн бұрын қосымша 650 төсек-орын енгіздік. Сол төсек-орындар бес күннің ішінде толып қалды. Кешегі күні реабилитацияға қосымша 100 төсек-орын ұйымдастырдық. Бұл ретте карантиндік стационар болған екі нысанды 380 төсек-орынмен провизорлық стационар қылып қостық. Бұл провизорлық стационарларда емдеу шаралары кезінде үш топқа бөліп, арнайы алгоритм жасадық. Ал кері байланыстағы қауіпті топтағы азаматтарға күнделікті телефонмен хабарласып отырмыз. Айта кетейік, бұл стационарлар коронавирустың жеңіл түрімен ауырған азаматтарды емдеуге арналған. Аталған провизорлық стационарлар қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей тапсырмасымен іске асуда, – деді Е.Садыр.

Сондай-ақ, Ербол Әбілхайырұлы қаламызда пневмониямен ауырған науқастар саны 7,2 пайызға өскенін тілге тиек етіп, ендігі мақсат күрт өскен бұл дертті ауыздықтау бойынша қарқынды жұмыс жіргізілетінін айтты. Осыған орай қала әкімінің тапсырмасымен қосымша ғимараттар ашылатынын жеткізді.

– Қазіргі таңда ауруды өткізіп алған науқастардың өлім көрсеткіші өсіп жатыр. Кеше ауыр жағдайда келген 8 науқас көз жұмды. Мұның көпшілігі – бұрыннан созылмалы аурулары бар азаматтар. Осыған байланысты провизорлық стоционарлар күшейтіліп, бәрінде дәрі-дәрмектің барлығы толық жеткілікті. Бұл жағдайды бақылауда ұстап, жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 25 ИВЛ (өкпенің жасанды желдету аппараты) аппаратты алдық. Бүгінде 301 ИВЛ аппараты бар. Одан бөлек, жатақханаларға демеушілердің көмегімен 6 ИВЛ аппараты қойылды. Бұл ретте демеушілердің тағы бір көмегімен 100 мың бетперде және кислородпен демалатын 100 Боброва аппараты келе жатыр, – деді Е.Әбілхайырұлы.

©Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қатысты жаңалықтар

16 мая 2026 года в городе Туркестан состоится торжественная церемония запуска проекта по искусственному вызыванию осадковв Республике Казахстан – первого проекта подобного масштаба в Центральной Азии.

bastynews

2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді.

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

bastynews

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

bastynews

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

bastynews

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон-футбол чемпионатында тарихи жеңіске жетті

bastynews

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

bastynews

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

bastynews

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

bastynews

Пікір қалдыру