Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

AzatMedia. Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам «Халық алғысы» медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен «BIZ BIRGEMIZ» онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады.

Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді.
Сонымен қатар жиында қоғамның белсенділері сөз алып, өз алғыстарын да жеткізді.

«Халық алғысы» медалін алғандар:

1. Әлімбаева Эльмира – Жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігері
2. Байсақалова Әлия – Жұқпалы аурулар ауруханасының бас медбикесі
3. Ағабекова Гүлжан – «Мейірім» оңалту орталығының дәрігері
4. Бұхарбаев Мұхтар – Полиция департаментінің командирі
5. Ходжанов Руслан – полиция инспекторы
6. Бабаханов Мадияр – №35748 әскери бөлімінің қызметкер
7. Ахметова Мейзкүл – Әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері
8. Наимбекова Айжан – «GraMad Retail» ЖШС-ның бас директоры
9. Қуанышбаева Гүлсара – «Оңтүстік» телеканалының бас редакторы
10. Ким Евгения – ерікті

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ПО АВСТРАЛИЙСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СКОТНОЙ БИРЖИ СТОИМОСТЬЮ 5,2 МЛРД ТЕНГЕ

bastynews

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

bastynews

«JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті

bastynews

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

bastynews

«ZHASTAR FEST» ІС-ШАРАСЫНДА ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТЕТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ

bastynews

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

bastynews

АБАЙҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру