Санатталмаған

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

AzatMedia. Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 21-Қаулысы шықты. Бұл шешімге орай Шымкент қаласының барлық аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылдың 22 маусымынан бастап, 2020 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.

Әбдіманап Қошқарұлының жариялаған Қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және санитариялық эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, келесі объектілер жұмысын қайта бастайды.

Атап айтсақ:
Шикі заттарды дайындау технологиясын сақтай отырып, жұмсақ балмұздақ сататын объектілер, оның ішінде сусындар, фасфудтар, піскен тағамдарды сататын дүңгіршектері 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесімен істесе, автожанармай кұю бекеттеріндегі кішімаркеттердің жұмысы тәулік бойы режимімен белгіленді.

Ал Шымкент қаласының полиция департаменті адам көп шоғырланатын орындарда шектеу шараларын сақтауға патрульдеуді ұйымдастыру талап етілді.

Сонымен қатар, Қаулыда Денсаулық сақтау басқармасына орай былай делінген:

1) Медициналық жедел жәрдем станциялары мен емханаларда call-орталықтарды ашу;

2) Медициналық жедел жәрдем станцияларының шұғыл және шұғыл шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

3) Меншік нысанына қарамастан, Шымкент қаласында науқастарды қолда бар ресурстарды тарта отырып, КТ тексерумен қамтуды қамтамасыз ету;

4) Инфекциялық және провизорлық кереуеттердің талап етілетін санымен қамтамасыз ету;

5) Реанимациялық бөлімшелерді қысқа мерзімде қажетті деңгейге дейін толық жабдықтауды қамтамасыз ету;

6) Стационарларды медицина персоналымен, оның ішінде инфекционистермен, пульмонологтармен, реаниматологтармен, мемлекеттік емес сектор ресурстарын тарта отырып, орта медицина персоналымен толықтыру;

7) Үйдегі пациенттерге амбулаториялық-емханалық деңгейінде көмек: симптомсыз, ауырлығы жеңіл дәрежедегі және үй карантиніне, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар отбасы мүшелеріне, әсіресе, егде жастағы пациенттерге сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, мобильді бригадалар) жүзеге асыру;

8) КВИ диагностикасы үшін қосымша ПТР зертханаларын, оның ішінде медициналық ұйымдардың базасында КВИ анықтауды ұйымдастыру;

9) Тестілеуді нақты белгілері бойынша ҚР БМСДҚ сәйкес өткізу;

10) Халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

©Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Қатысты жаңалықтар

Конституционные гарантии в эпоху искусственного интеллекта: новый этап защиты данных граждан в Казахстане

bastynews

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

bastynews

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ ПРАВ: ОРГАНИЗАЦИЯ ГОЛОСОВАНИЯ ВНЕ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА В ТЕГИШШИЛЬСКОМ СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ ИЗБРАННОГО АКИМА БОРЛЫСАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

bastynews

ВСТРЕЧА ШАРДАРИНСКОЙ РАЙОННОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ С МОЛОДЕЖЬЮ

bastynews

ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ОРГАНИЗАТОРОВ ВЫБОРОВ В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ

bastynews

Пікір қалдыру