Санатталмаған

КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев құрылысы аяқталған «New City» және «Асар city» тұрғын үй кешеніне арнайы барды. Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасын тексерді. Пәтерлер әкімдік тарапынан құрылған арнайы комиссияның тексеру нәтижесінен соң пайдалануға берілетін болады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia.

Қала күніне орай Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағынауданында 16 үй, Тұран шағынауданында 14 үй, Асар-2 шағынауданында 10 үй.
Тұрғын үйлер 5, 9, 12 және 16 қабатты, 1, 2 және 3 бөлмелі. Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды.

Үйлер бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны – 180 мың теңге.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі.

 #AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

АУЫЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ЖЕРДЕ ҒАНА ЕМЕС, ТЕХНОЛОГИЯДА

bastynews

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру