Санатталмаған

ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ 16,1 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛҒАН

Шымкентте тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 30 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте баяндалды.

Жиналыста сөз алған қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов «Шымкент сити» шағынауданындағы 39 үйге инфрақұрылым тарту үшін 6 нысанда құрылыс жүріп жатқанын жеткізді.

– Мұнда тамыз айының соңында ауыз су, кәріз, жылу, газ және электр қуаты іске қосылады. Ал көгалдандыру жұмыстары қараша айында аяқталады, – деді Е.Ахметов.

Басқарма басшысының айтуынша, Әкімшілік-іскерлік орталықта 8 үйдің инфрақұрылымы бойынша 2 нысанда жұмыс қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Ал, Тұран шағын ауданында 25, 26, 28 орамдағы көпқабатты тұрғын үйлерде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталыпты.

– «Бозарық» тұрғын үй алабына инфрақұрылым тарту үшін 5 нысанда құрылыс жұмыстары басталады. Мұндағы жұмыс келесі жылы аяқталады, – деді Е.Ахметов.

Қала әкімі М.Әйтенов сала мамандарына құрылысты кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Онлайн жиында карантин кезінде тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де талқыланды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, Шымкентте аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 16,1 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі күнге дейін 19 519 отбасыға 4.5 млрд. теңге көмек көрсетілген.

Айта кетейік, «Birgemiz» қоғамдық қорынан 41 630 мұқтаж азаматқа 50 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, сәуір айында 8 333 отбасының, ал мамыр айында 9 233 отбасының коммуналды қызметтерді пайдалану бойынша шығындары өтелді.

Ал, өтініштерді қабылдау мен қарау 25 маусымға дейін жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ТӘРБИЕ ІСІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МЕН ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Пікір қалдыру