Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИДІҢ «ДИУАНИ ХИКМЕТ» КІТАБЫНЫҢ КӨНЕ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы Сауран өңірінде Қожа Ахмет Ясауидің 2 ғасыр бұрын жазылған хикмет топтамасы табылды. Ғалымдардың айтуынша, қолжазба 1834 жылы жазылған және қазіргі таңда бұл хикмет жинақ еліміздегі ең көне қолжазба болып есептеледі. Құнды жәдігер «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды.

Бұл жайында «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы брифингте мәлімдеді:

«Аталған қолжазбаға саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Бірнеше көне кітаптар Еркін ақсақалдың туысы Алимжан Рамазанұлының шаңырағында бабалардан мұра болып сақталып келген. Нәтижесінде жалпы саны 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Солардың ішінде бір қолжазбаның Қожа Ахмет Ясауидің хикметтер жинағы екендігі анықталды. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңбасы бар. Қолжазба араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұратын қолжазбаның 39-ы бұрын-соңды кездеспеген», – деді спикер.

Қолжазба тек тарихи құндылығы ғана емес, сондай-ақ рухани және әдеби мәні жағынан да ерекше. Әрбір хикмет адамгершілік, әділдік, шынайылық және қоғамдық тәртіп тақырыптарын қамтиды. Сонымен қатар, қолжазба араб-парсы әріптерімен жазылған ою-өрнектермен, түсті баспалар мен каллиграфиялық әшекейлер арқылы безендірілген. Бұл Ясауидің рухани ойларын бейнелеудің ерекше дәстүрін сақтап, оның шығармашылығын ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы болып табылады.

Ясауитану ғылыми орталығы 2025 жылы Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының базасында құрылған. Орталықтың жауапты хатшысы Гаухар Пірімқұлова мәлімдегендей, қазіргі таңда орталықта Қожа Ахмет Ясауи зерттеулеріне арналған 25 кітап, 30 Диуани Хикмет және басқа да ғылыми зерттеулер сақталған.

Бұдан бөлек, орталық қолжазбаларды цифрлық форматқа көшіру, деректер базасын жасау, ғылыми конференциялар өткізу және халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл Түркістан өңірін Халықаралық деңгейде рухани-мәдени орталық ретінде танытуға және Ясауидің шығармашылығын әлемге кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, орталық мамандары қолжазбадағы хикметтердің тарихи контекстін, тілдік ерекшеліктерін және шағатай дәстүрін зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл зерттеулер еліміздің рухани мәдени мұрасын сақтау, оны болашақ ұрпаққа жеткізу және ғылым мен білім саласында жаңа жобаларды дамыту мақсатында маңызды рөл атқарады.

Қолжазбаны зерттеу нәтижесінде Түркістан облысы мәдени туризмнің дамуына да серпін береді, себебі мұндай тарихи жәдігерлер әлемдік туристік маршруттарға енгізіліп, өңірге шетелдік зерттеушілер мен туристерді тартуға мүмкіндік жасайды.

Қатысты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНАН

bastynews

ШЫМКЕНТКЕ КЕЛГЕН ТУРИСТЕРДІҢ ҚАТАРЫ 13,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

bastynews

«Головкин VS Шеремета» чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

Bastynews