Басты жаңалықтар Қоғам Саясат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАСЫН ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСЫРУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Жастар қай кезеңде болмасын қоғамның қозғаушы күші екендігі белгілі.Олардың саналы тәлім-тәрбие мен сапалы білім иесі болып шығуы мемлекеттің басты назарындағы мәселе. Тәрбиесі тұнық, ойы озық, білімді жастар өз заманының заңғар тұлғасына айналып, еліміздің жарқын болашағын қалаушылардың қатарын толықтыратыны анық. Сондықтан да бүгінгі күннің жастарын болашақты пайымдай алатын, жеке пікірін еркін әрі ашық жеткізе алатын, құқықтық, қаржылық және ақпараттық сауаттылығы қалыптасқан адал әрі жасампаз буын ретінде қалыптастыруымыз қажет.

Қазақстан Республикасы әлемдік аренада еңселі ел болып қалыптасуы үшін өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел ретінде танып, Конституцияның 1-ші бабында көрсеткен. Ол дегеніміз, еліміздің жарқын болашағын құру жолында әрбір азаматтың жеке пікірі, оның құқықтары мен бостандықтарының заңмен қорғалуы, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуі басты назарда екендігін білдіреді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыру жолында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұстанымы мен «Заң және тәртіп» идеологиясын алға тартып келеді. Бұл ұстаным мен идеологияның түпкі мақсаты – елімізді өркениетке жетелейтін, мемлекет алдында жанқиярлық әрі жасампаздық қабілетімен еңбегі бағаланатын «адал азаматтарды» тану, оларды өзгелерге үлгі тұту арқылы өз дәрежесінде дәріптеу, өскелең жастар арасында «адалдық психологиясын» қалыптастыру. Осы тұста халқымыздың: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген даналығын еске алып, ар тазалығына жүгінеміз.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 23 маусымда еліміздің құқыққорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде көтерген мәселелері әрбір қазақстандықтар үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені жастарды есірткі бизнесі, нашақорлық, синтетикалық темекі, лудомания сияқты жастықтың жалынымен (балалықпен) кіріп кететін қылмыстардан сақтау және сақтандыру тек қана құқыққорғау органдарының міндеті емес.

Заңның үстемдігі адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарының заңмен қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ олардың адами қадір-қасиеті мен ар алдындағы тазалығының дұрыс бағалануына септігі тиеді. Адам мен азаматтардың ар және заң алдындағы тазалығы  ең алдымен заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің жүйелі орындалуына, екіншіден мемлекет қабылданған заңдар мен құқықтық нормаларға деген халықтың сенімі мен құрметін қалыптастырады. 

Қатысты жаңалықтар

Жолдау елге біраз өзгерістер әкелді

Bastynews

Представители полиции и ЧС проголосовали на участке №231 в Шымкенте

bastynews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

bastynews