Саясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ КЛАСТЕРЛІК ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы туризм саласын дамытуда кластерлік тәсілге ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл бағыт өңірдің тарихи, мәдени және табиғи әлеуетін тиімді пайдаланып, туристер санын арттыруға, инвестиция тартуға және экономикалық дамуға үлес қосуға бағытталған.

Туризмнің үш негізгі кластері

Тарихи-мәдени құндылықтарға негізделген этнокластер Түркістан, Сауран, Кентау, Отырар, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы аудандарын қамтиды. Мұнда тарихи нысандар мен мәдени мұраларды насихаттайтын ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырылады. Мәселен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі және Түркістан қаласындағы басқа да тарихи орындар этнокластердің негізгі туристік нысандары болып табылады.

Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт аудандарының табиғи әлеуеті экокластерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта тау және шаңғы туризмі, треккинг, ауылдық туризм, экстрималды спорт түрлері мен сафари туризмі ұйымдастыру көзделуде. Табиғатты қорғау және экологиялық туризмді дамыту арқылы туристердің қызығушылығын арттыру басты мақсат.

Сарыағаш, Жетісай аудандары мен Арыс қаласы емдік суларымен ерекшеленеді. Бұл аймақтардың инфрақұрылымын жақсартып, курорттық туризмді дамыту жоспарлануда. Сонымен қатар, Шардара ауданында жағажай туризмі мен ойын бизнесін, Мақтарал аудандарында агротуризм жобаларын іске асыру көзделіп отыр.

Туризмді дамыту аясында мұражайларға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа туристік нысандар ашу жоспарлануда. Түркістан қаласында тарихи Темір жол депосы (1904 ж.) бар, онда ескі локомотивтер сақталған. Қазіргі кезде нысан қараусыз қалған, бірақ Түркістан-Сібір магистралі мұражайын ашу жобасы іске асырылса, туристер үшін ерекше тартымдылық пайда болады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешені, «Rixos Turkistan» 5 жұлдызды қонақ үйі, «Alma-tau» экологиялық қонақ үй кешені сияқты жаңа нысандар туристерге сапалы қызмет ұсынады. 2025 жылы облыс аумағында жалпы соммасы 49,4 млрд теңгені құрайтын 47 туристік инвестициялық жоба іске асырылады деп жоспарланған.

2024 жылдың қорытындысымен Түркістан облысына келген туристер саны 611,5 мың адамға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. 2029 жылға дейін туристер санын 1 млн адамға жеткізу жоспарлануда. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 442,6 млрд теңгені құрап, 18,1 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, облыста 245 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагері) жұмыс істейді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 71% өскен.

Кластерлік туризмді дамыту арқылы Түркістан облысы туристер санын арттыруға, тарихи нысандарды сақтап жаңғыртуға, инфрақұрылымды жетілдіруге және экономикалық дамуға үлес қосуға ниетті. Этнокластер, экокластер және курорттық кластерді дамыту арқылы облыс туристік әлеуетін толық ашып, халықаралық және ішкі туристерге тартымды аймаққа айналады.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

bastynews

Безопасность превыше всего

bastynews

В Южной Корее при тушении лесного пожара разбился вертолет

bastynews